01 мау, 2020 сағат 14:10

Тоқаев Армения Премьер-министрінің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында. 

Еске сала кетсек, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырған. Ол бұл туралы бүгін Facebook-тегі парақшасында онлайн трансляция кезінде мәлім етті.