Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев апострофты әліпбиді пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан "апострофты" әліпбиді газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте", — деп жазған Тоқаев Twitter-аккаунтында.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа қазақ әліпбиі президент жарлығымен қазан айының соңында қабылданған болатын. Ал, латын графикасына көшу кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін іске асырылады.