24 жел, 2022 сағат 16:40

Тоқаев Әлиевті телефон арқылы құттықтады

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Президент бауырлас Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы айтылды.

Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.