16 мау, 2025 сағат 10:50

Тоқаев ақордада ауыс-түйіс жүргізді

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақордада ауыс-түйіс жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.