06 нау, 2022 сағат 16:24

Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мемлекет басшысы әкімдердің қызметіне қатысты маңызды жарлыққа қол қойды. Құжатпен толығырақ ертең сағат 8:00-де Ақорда сайтынан таныса аласыздар", - делінген Ақорданың Telegram-арнасында.

Бұған дейін Президент барлық әкімге бюджеттік дербестік қажет екенін айтқан болатын. 

"Барлық әкімнің бюджеттік дербестігін одан әрі арттыру қажет екенін айтқым келеді. Аймақтардың 82 пайызы субсидиялануы дұрыс емес. Бұл - әдіснамамыздың, бюджетаралық қатынастың ерекшелігі. Әкімдер жалпы трансферттер мен мақсатты трансферттер сұрап, министрліктердің табалдырығын тоздырады", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.