- 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, ресейлік боксшы Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитпен жекпе-жек нәтижесінде жеңіске жеткеніне еш күмән келтірмейтінін мәлімдеді, деп жазады ТАСС.
91 келіге дейінгі шайқастың ақырғы ойынында Левит 0-3 есебімен Тищенкодан жеңілген еді. Төрешілер жеңісті ресейлік спортшыға берген кезде жанкүйерлер наразылық білдірген.
«Менің жеңісімде күмән болмауы тиіс, - деді Тищенко. - Мұнда даулы жекпе-жектер өте көп болды деп ойлаймын. Жартылай финалда Виталий Дунайцевқа ашықтан-ашық жеңіс бермеді, ешкім үн қатпады да. Ал бізге жеңіс берсе, неге екенін белгісіз, үлкен дау туындайды».
«Бірақ мен өз жеңісім үшін қуаныштымын және Олимпиада чемпионы екенімді енді сезініп келемін, мен мұны мақтан тұтамын», - деді боксшы.
ҚазАқпарат