07 қаз, 2020 сағат 07:24

Тираннозаврдың қаңқасы Christie's аукционында 31,8 млн долларға сатылды

Сейсенбі күні Нью-Йорктің Christie's аукционындағы сауда-саттықта тираннозавр кесірткесінің қаңқасы 31,8 миллион АҚШ долларынан астам сомаға сатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аукцион үйінің сайтына сілтеме жасап.

«Christie's -те сауда-саттықтың әлемдік рекорды орнады. «Стэн» деп аталатын тираннозавр 31 847 500 АҚШ долларына сатылды», - делінген хабарламада..

Сипаттамада көрсетілгендей, бұл – тираннозаврдың ең жақсы сақталған қаңқаларының бірі. Онда 188 сүйек бар. Оны әуесқой палеонтолог Стэн Сэкрисон 1987 жылы Оңтүстік Дакота штатындағы қазба жұмыстары кезінде тапқан. Бастапқыда оның бұл олжасы трицератоп шөпқоректі динозаврының қаңқасының бөлігі делінген болатын. Тек 1992 жылы ғана ғалымдар тираннозаврдың қаңқасы табылды деген қорытындыға келді. 

Сарапшылардың пікірінше, тираннозаврдың салмағы 7-8 тонна, бұл ересек африкалық пілдің салмағынан екі есе көп. Тістерінің ұзындығы 27 см-ден асады.

Мұның алдындағы рекорд 23 жыл бұрын орнатылған еді. 1997 жылы тираннозаврдың қаңқасы Чикагодағы Филд табиғи тарихи мұражайының аукционында 8,36 миллион АҚШ долларына сатылды.