Мемлекет басшысының Өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Өкімімен Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.
2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылғы 1 ақпаннан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі.
2016-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрі.