Америкалық Time журналы АҚШ-тағы президент сайлауында жеңген Джо Байден мен вице-президент қызметін атқаратын Камала Харристі "жыл адамдары" деп таныды. Олардың суреті 1927 жылдан бері "жыл адамын" таңдап келе жатқан журналдың алғашқы бетіне жарияланады.
Биыл "Жыл адамы" атағынан үміткерлер қатарында 3 қараша күнгі сайлауда Байденнен жеңілген АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп, коронавирус індетімен күрескен дәрігерлер, "Қаралардың өмірі құнды" деп ұран көтеріп, нәсілдік теңдікті талап еткен АҚШ-тағы бірқатар белсенділер болған.
"Байден мен Харрис есімі тарихта қалды" деп жазды Time журналы Twitter-де.
Журналда жарық көрген мақалада Байден мен Харриске "алалаудан гөрі өзгенің жағдайына уайымдау маңыздырақ" екенін көрсетіп "Америка тарихын өзгерткені" үшін "жыл адамдары" титулы берілді деп жазылған.
Байден - АҚШ тарихындағы жасы ең үлкен президент, ал Харрис вице-президент ретінде таңдалған алғашқы әйел атанайын деп тұр.
2016 жылы Time журналы сол кезде президент сайлауында жеңген Трампты "Жыл адамы" деп таныған.
Редакция "жыл адамы" атағы әлемдегі оқиғаларға ықпал еткен адамдарға беріледі, бірақ атақ беру редакцияның оларды қолдайтынын білдірмейді деп ескертеді. Былтыр Адольф Гитлер мен Иосиф Сталин "жыл адамдары" атанған. 2017 жылы бұл титулға Ресей президенті Владимир Путин ие болған.