#
#
Сенбі 19/09/2020

​Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаһандық білім беру кеңістігі

  • 17.11.2017
  • 0
  • 7241

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап облыстық кітапханасында «Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаһандық білім беру кеңістігі» атты облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген 6-бағыт «Латын графикалық жүйеге көшу» кезеңдеріне, қағидаларына шолу, қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін көпшілікке таныстыра отырып, ой бөлісу, пікірлесу.

Аталған шараға жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылар құрамы, тілші-ғалымдар, облыстың филолог мамандары, мемлекеттік қызметшілер сондай-ақ халыққа қызмет ету саласы қызметшілері қатысты.

«Семинардың мақсаты — Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген алтыншы бағыт «Латын графикалық жүйеге көшудің» кезеңдеріне, қағидаларына  шолу, еліміздегі рухани жаңғыру тетігі — қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін көпшілікке түсіндіру және кеңінен танымал ету, жаhандық білім беру кеңістігіне енуде көптілділіктің маңызы туралы  пікірлесу», — дейді Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ақмарал Сүгірбаева.

Шараның алғашқы бөлімінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Н.А.Садуақас «Жаңа әліпбидің құрылымы мен қызметі» туралы терең ақпарат беріп, қазақ тілінің жаңа әліпбиі ел болашағы үшін жасалған игі қадам екендігіне тоқталды.

Сонымен қатар «Латын әліпбиі әдеби шығармалар негізінде» тақырыбындағы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің PhD, ф.ғ.к., доцент Т.Ж.Тоқсанбаеваның, «Болашақ медицина саласы қызметшілерін дайындау мәселесіндегі жаңа әліпбидің маңызы» туралы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Үздіксіз кәсіби даму орталығының оқытушысы Н.А.Рысмағамбетованың, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Сагиеваның «Переход на латиницу – укрепления трехязычия в Казахстане» тақырыбындағы баяндамаларында әлемдік білім беру кеңістігіндегі жаңа әліпбидің маңызы мен рөлі, болашақ мамандардың көптілді тұлға ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тигізер ықпалы туралы айшықты ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, «Еркін микрофон» бөлімінде орталықпен тығыз қарым-қатынас жасап отырған мекемелер, оның ішінде М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе облыстық соты, Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті, қалалық Ішкі істер басқармасы, облыстық Статистика департаменті, №6655 әскери бөлімі сарбаздары, облыстық Төтенже жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы қызметшілері мен мемлекеттік тілге жауапты мамандары көкейіндегі сұрақтарын қойып, алдағы уақытта Тілдерді оқыту орталығымен мекемелері арасындағы ынтымақтастық дами түсуіне ниетті екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ Тілдерді оқыту орталығы ұжымына Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті ректоры Е.Ж. Бекмухамбетовтің өз ризашылығын білдірген алхысхаты табысталды.

Шара соңында қатысушыларға сыйлық ретінде кітаптар таратылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар