16 мау, 2020 сағат 12:48

The Ring ауыр салмақтағы үздік он боксшыны атады

The Ring журналы ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін үздік боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" sports.kz-ке сілтеме жасап.

Журналдың тұжырымы бойынша WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюри чемпион атанған. Рейтингте бірінші орында WBA, IBF, WBO және IBO белбеуінің иегері Энтони Джошуа тұр. Ол Диллиан Уайт пен WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Деонтей Уайлдерді артта қалдырды. Ресейлік Александр Поветкин алтыншы орынды иеленді. 

Ауыр салмақтағы үздік боксшылар (The Ring журналының тұжырымы бойынша): 

Чемпион — Тайсон Фьюри

1. Энтони Джошуа

2. Диллиан Уайт

3. Деонтей Уайлдер

4. Луис Ортис

5. Энди Руис

6. Александр Поветкин

7. Джозеф Паркер

8. Майкл Хантер

9. Оскар Ривас

10. Кубрат Пулев.