16 қаң, 2025 сағат 20:39

Terminals Astana Airport Management әкімдіктің бастауымен жұмысын жалғастырады


Фото:Astana.citypass.kz

"Terminals Astana Airport Management" Араб компаниясынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті, деп хабарлайды Ult.kz Avianews-ке сілтеме жасап.

"Terminals Astana Airport Management" ЖШС Араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100%-ы Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілді, деп хабарлайды avianews елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мерзімі 2025 жылғы 7 қаңтарда аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылғы 7 қарашадан бастап қолданысқа енгізілген.

"Елорда әуежайы акциялары иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүргізілуде", - делінген хабарламада.