03 ақп, 2020 сағат 11:38

Теракт жасауды мақсат еткен террористік топтың мүшелері ұсталды - ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымды ұстанатын 5 адамды ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" комитетке сілтеме жасап.

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.

«Оларға қатысты террористік топ құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік акті жасау мақсатында құрылған.

Тергеу жалғасуда.