25 қыр, 2020 сағат 17:05

Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 84-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесті. 

Е.Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. 

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды. 

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 12-сатыдағы Беларусь өкілі Арина Соболенконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.