Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Корденонс (Италия) челленджер жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
А.Голубев пен уругвайлық Ариэль Бехар финалда осы турнирдің 1-ракеткалары, аргентиналық Андрес Мольтени мен монаколық Хьюго Ниспен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Корденонс додасының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-уругвайлық жұп басымдылықтарын көрсете білді – 7:5.
Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте А.Голубев пен А.Бехар брейк жасап, алға шықты. Ақыры олар матчты жеңіспен аяқтай білді – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды.
Сонымен А.Голубев пен А.Бехар Италияда өткен осындай турнирдің үшінші рет қатарынан чемпионы атанып отыр.