18 қаң, 2021 сағат 07:20

Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңартылған рейтингіде 45-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

А.Бублик өзінің спорттық жолында рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Оның бұдан бұрынғы үздік көрсеткіші 2020 жылдың ақпанындағы 47-орын еді. 

Осылайша өткен аптада Анталия ATP 250 турнирінің финалына дейін жеткен А.Бублик бірден бес сатыға (50-ден 45-ке) жоғарылады. 

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші орында келеді. 

Қазақстандықтардан Михаил Кукушкин 89-ыншы, Дмитрий Попко 165-орнын сақтап қалды.

Жұптық сында М.Кукушкин 76-орнында қалды. Ал Андрей Голубев пен А.Бублик үш сатыға көтеріліп, сәйкесінше 85-інші және 89-орынға жайғасты. Александр Недовесов 133-сатыда тұр.