11 мау, 2021 сағат 14:42

Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 327-ракеткасы, франциялық Эван Фернеспен күш сынасты.

Бірінші партияда франциялық теннисші басым болды – 6:4.

Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Үшінші, шешуші партияда Т.Скатов шеберлігін таныта білді– 6:4.

Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағат 5 минутқа созылды.

Т.Скатов финалға шығу үшін әлемнің 279-ракеткасы, тайбэйлік Цзэн Цзэнмен таласады. Ол ширек финалда екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта болгариялық Димитар Кузмановты жолдан тайдырды – 7:6 (7:1), 6:3.