07 мау, 2021 сағат 15:04

Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирін жеңіспен бастады


Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов алғашқы айналымда осы жарыстың 2019 жылғы жеңімпазы, әлемнің 178-інші, турнирдің 5-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен кездесті.

Бірінші партияда 20 жастағы қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті.

Екіншісінде италиялық спортшы есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Т.Скатов 4:0 есебімен алға кетті.

Ақыры осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:2.

Тартысты бәсеке 2 сағат 54 минутқа созылды.

Т.Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 292-ракеткасы, тағы бір италиялық Риккардо Бонадио немесе рейтингте 385-сатыдағы отандасы Денис Евсеевтің біреуімен шеберлік 

байқасады.

Алматы додасы 13 маусымда мәреге жетеді.