Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Корденонс (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
А.Голубев уругвайлық Ариэл Бехармен бірге ширек финалда италиялықтар Маттео Mарфиа мен Даниело Валентиномен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-уругвайлық жұп 50 минутқа созылған матчта 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
А.Голубев пен А.Бехар финалға шығу үшін франциялықтар Бенджамин Бонзи мен Антуан Оан және швейцариялық Лука Маргаолли мен италиялық Андреа Вавассори жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 165-ракеткасы Дмитрий Попко Острава (Чехия) челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол екінші айналымда рейтингте 225-орында тұрған чехиялық Зденек Коларға 7:5, 4:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Бұл тартысты бәсеке 3 сағаттан астам уақытқа созылды.