03 нау, 2021 сағат 15:46

Теннис: Бублик Роттердамда әлемнің жетінші ракеткасын ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің жетінші, осы доданың 3-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен өткізді.

А.Бублик 1 сағат 18 минутқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 5 эйс, 4 брейк жасай алды.

А.Бублик ширек финалға шығу үшін рейтингте 56-орында тұрған америкалық Томми Пол немесе әлемнің 35-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегоның біреуімен таласады.

Жалпы жүлде қоры 1 млн 117,9 мың еуроға бағаланған айтулы жарыс 7 наурызда мәреге жетеді.