27 ақп, 2021 сағат 16:13

Теннис: Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Натан Паша - Макс Шнурмен кездесті.

Бірінші партияда А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4 есебімен басым түсті. 

Екінші сетте де осы есеп тіркелді - 6:4. 

Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды.