Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 114-орында тұрған аустралиялық Алексей Попыринмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.
Алайда содан кейін ойын тізгінін қарсыласына беріп қойды - 0:6, 2:6.
Финалдық бәсеке 1 сағат 25 минутқа созылды.
Осылайша А.Бублик өзінің спорттық жолында төртінші финалында жеңілді. Бұдан бұрын Ньюпорт, Ченду, Анталияда соңғы бәсекеде есе жіберген еді.