Қазақстандық Александр Бублик жаңартылған ATP рейтингісінде 46-дан 43-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл – өткен аптада Сингапур жарысының финалына дейін жеткен қазақстандық теннисшінің жеке рекорды.
Бұдан бұрын оның үздік көрсеткіші 45-орын болатын.
Ал Михаил Кукушкин 94-тен 96-ға, Дмитрий Попко 180-нен 183-сатыға сырғыды.
Үздік үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль және ресейлік Даниил Медведев келеді.
Әйелдер арасында WTA рейтингісінде аустралиялық Эшли Барти көш бастаса, жапониялық Наоми Осака екінші, румыниялық Симона Халеп үшінші орында.
Қазақстандықтардан Елена Рыбакина 23-інші, Юлия Путинцева 28-орнында қалса, Зарина Дияс 84-тен 85-ке төмендеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Сингапур турнирінің финалында ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.
А.Бублик енді Роттердам ATP додасында өнер көрсетеді. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы – әлемнің 7-ракеткасы, германиялық Александр Зверев.