17 мам, 2021 сағат 15:00

Теннис: Александр Бублик әлемдік рейтингіде 38-орынға көтерілді


Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 38-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл осыған дейін 40-сатыда тұрған теннисшінің спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші болып саналады. 

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин үш сатыға (103-тен 100-ге) жоғарылап, үздік жүздікке қайта енді. 

Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Тимофей Скатов бұрынғы орындарында қалды. 

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 34-тен 35-ке сырғыды. 

Зарина Дияс 96-дан 93-сатыға орнықты. 

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рим жарысының екінші айналымына өтуі арқасында 665-тен бірден 433-орынға көтерілді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Хорватиядағы турнирдің финалында ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.