Фото: Kazakhstan press club
Қазақстандық Туристік ассоциация (ҚТА) дабыл қағуда: бірқатар туроператорлар туристерді шетелге демалысқа нақты жібергені үшін қосымша салық төлеуді талап ететін салық органдарынан хабарлама алған, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл шағымдар, ҚТА пікірінше, бір жағынан негізсіз, ал бір жағынан қазақстандықтар үшін туристік жолдамалардың іс жүзінде бағасының үштен біріне өсуіне алып келеді, екінші жағынан – туристік нарықтың кәсіби қатысушыларын жояды.
Даудың мәні неде? Туроператорлар туристік пакеттерді құра отырып, шетелдік қонақүйлермен, авиакомпаниялармен, көлік компанияларымен және басқа да қызмет көрсетушілермен келісімшарттар жасайды. Бұл қызметтер Қазақстаннан тыс жерлерде ұсынылады. Салық заңнамасына сәйкес шетелдік компаниялардың мұндай қызметтерден түсетін табыстарына Қазақстанда салық салынбауға тиіс.
Алайда, салық органдары, туроператорлар салықтық жеңілдіктерді заңсыз қолданды және Қазақстанда өздерінің шетелдік серіктестері үшін тұрақты өкілдіктер құрған болуы мүмкін деп мәлімдейді. Бұл серіктестердің кірістерін автоматты түрде салық салу объектісіне айналдырады.
ҚТА бұл интерпретациямен мүлдем келіспейді.
"Туроператорлар өз атынан әрекет етеді және көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін қазақстандық туристер алдында толық жауапты болады", – деп түсіндіреді, Тулкиев Асқар, ҚТА заңгері.
"Біз шетелдік компаниялардың филиалдары немесе өкілдіктері емеспіз, тек олардан туристік пакетті қалыптастыру үшін қажетті қызметтерді сатып аламыз. Бұл стандартты бизнес тәжірибесі".
Сонымен қатар, ҚТА салық органдары тарапынан елеулі процедуралық бұзушылықтарды көрсетеді. Біріншіден, хабарламаларда ақпарат көзі ретінде 101.04 нысаны көрсетілген, онда туроператорлардың айтуынша, шетелдік серіктестермен өзара есеп айырысу туралы деректер жоқ. Екіншіден, шағымдар 2022-2023 жылдарға қатысты, дегенмен валюталық бақылау функциялары салық органдарына 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ғана берілді.
ҚТА, салық талаптары заңды түрде дұрыс негізделмеген және Қазақстанның туристік саласы үшін елеулі теріс салдары болуы мүмкін деп санайды. Салық жүктемесінің өсуі тұтынушылар үшін турлардың қымбаттауына әкелетіні, сөзсіз. Қазақстандық Туристік ассоциация (ҚТА), салық органдарын хабарламаларды қайтарып алуға шақырады және сотта туроператорлардың мүдделерін қорғауға дайын.