04 там, 2022 сағат 01:01

Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемі азайды


Каспий құбыр консорциумы Қашағандағы мұнай өндірудің тоқтауына және Теңіз мұнай кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қара алтынды жөнелту көлемін азайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Каспий құбыр консорциумының бас учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кен орнынан мұнай өндіру көлемі төмендетілген деңгейде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтады. Аталған факторлар Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болып отыр», - делінген Каспий құбыр консорциумы таратқан хабарламада. 

Консорциум мәліметінше, компания акционерлері мен мұнай тасымалдаушыларға аталған жағдай туралы мәлімет беріліп, алдын ала ескертілген.