01 қаз, 2019 сағат 08:57

Теңіз деңгейі XX ғасырға қарағанда 2,5 есе тез көтеріліп келеді - БҰҰ

БҰҰ-ның мұздардың еруі бойынша жасаған есебіне сәйкес, 2005 жылдан бері теңіз деңгейі XX ғасырға қарағанда 2,5 есе тез көтеріліп келеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Климат бойынша БҰҰ сарапшылар тобы егер көмірқышқыл газы осы деңгейде (CO2) шығарылатын болса, мұздың еруі 2100 жылға қарай төрт есе артатынын ескертті.

Олардың пікірінше, егер ғаламшарымыз жаһандық жылыну деңгейін индустрияға дейінгі деңгейден 2 градусқа жоғары ұстап тұрса, бұл өсу көрсеткішін тұрақтандыруы мүмкін.

Жалпы, БҰҰ арнайы баяндамасына сәйкес, теңіз деңгейі соңғы 200 жылда 1 метрге көтерілген.