27 қыр, 2021 сағат 11:31

Теңге бағамы нығайды


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 26 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар 423, 81 теңге болды. 

Ұлттық банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 91 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,06 теңге, сатып алу – 425,65 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,05 теңгеден болса, сатып алу құны – 425, 22 теңге.