03 жел, 2020 сағат 09:00

Теңге бағамы нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2 желтоқсан кешімен салыстырғанда 2,61 теңгеге төмендеп, 1 доллар 422,66 теңге болған. 

Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 425,49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,49 теңге, сатып алу – 422,84 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,69 теңгеден болса, ал сатып алу – 423,28 теңгені құрайды.