Фото: ашық дереккөз
27 қарашадағы Қазақстандағы доллар бағамы туралы Ult.kz тілшісі хабарлайды.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 516,86 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,75 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 27 қарашаға арналған ресми бағамы — 518,68 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта:
Алматыдағы айырбастау пунктерінің орташа бағамы:
-
сатып алу — 516,44 теңге,
-
сату — 518,75 теңге.
Астанадағы орташа бағам:
-
сатып алу — 514,63 теңге,
-
сату — 521,63 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің долларға қатысты нығая түсуін тек нарықтық факторлармен түсіндірген. Оның айтуынша, негізгі себептер — ішкі доллар сұранысының төмендеуі, нарықтағы ұсыныстың артуы және базалық мөлшерлеменің көтерілуі. Бұл шетелдік инвесторлардың қазақстандық облигацияларға қызығушылығын арттырады.
