14 қыр, 2021 сағат 20:12

Теміртауда жастар төбелесті


Теміртауда жастар төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде жастар арасындағы төбелес бейнеленген видео тарады. 

Кадрда ер адам полиция шақырамын деп айқайлайды. 

Алайда, тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оқиға бойынша ешқандай шағым келіп түспеген.

Теміртау қаласының полицейлері төбелеске қатысушылардың бірін ұстағанын айтты.

«Қазіргі уақытта Теміртау қаласы ПБ Старород полиция бөлімінде ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел іс-шаралар өткізу барысында төбелеске қатысты 16 жастағы жігіт ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Жанжалдың қалған қатысушылары мен оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.