Теміртауда 12 жастағы бала көшедегі төбелес салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ол төбелесіп жатқан достарын ажыратпақ болған, сол сәтте бір бала оның басынан ұрған, оқиға болған жерде ол есінен танып қалды. Желіде төбелестің видеосы жарияланды.
"Вега ауданында төбелес салдарынан бала қайтыс болды. Ол төбелеспеген, тек ажыратқысы келген. Тобымыз баланың жақындары мен туыстарына көңіл айтады", - делінген видеожазба хабарламасында.
Полиция хабарына қарағанда, 24 шілдеде Старогород полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Теміртау қалалық балалар ауруханасында қаланың 12 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полиция мәліметінше, жәбірленуші аулада 13 жастағы баламен жанжалдасқан. Төбелеске ұласқан жанжал кезінде оның басына соққы жасалған.
"Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы ("Абайсызда қазаға ұшырату") бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, соталды тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бастығы Рустам Күлкеев.
1155 рет оқылды