14 қаз, 2016 сағат 14:09

Темір ыдыспен тамақтанған балалардың жағдайы Амандық Баталовтың ашуын туғызды

Темір ыдыспен тамақтанған балалардың жағдайы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ашуын туғызды, деп хабарлайды Ұлт.кз тлшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Балалардың темір ыдыспен тамақтанып отырған суреті прокурорлардың алқа мәжілісінде арнайы слайд арқылы көрсетілді. Суретті көре салысымен, облыс әкімі Амандық Баталов жиында баяндама жасап тұрған прокурор Сәбит Чембековті бірден тоқтатып, сұрақтың астына алды. Біріншіден, суреттегі сәбилер қай жердің  тәрбиеленушілері екенін сұрады.

«Балалар біздің болашағымыз, мұндай сұмдық жағдайға қалайша жол бересіздер. Бірден анықтаңыздар, бұл облыстағы қандай мекемеге тиесілі жағдай және мынандай олқылыққа жол бермеңіздер, балапандарға қалайша мынандай темір ыдыспен тамақ беруге болады»,- деп  облыс әкімі қадап айтты. 

Ал прокурор Сәбит Чембековтің өзінен жиын біткен соң, сурет қай балалар үйіне тиесілі екенін сұрадық. Былай жауап берді.

«Бұл нақты біздің облысқа тиесілі балалар үйінің жағдайы деп айта алмаймын. Біз баяндамаға сәйкес, арнайы бейнеролик жасадық. Ал темір ыдыспен тамақ ішіп отырған балалардың суреті интернет желісінен де алынуы мүмкін».

Айта кетелік, Алматы облысы прокуратурасының алқа жиынында өңірдегі  балалар үйінде тәрбиелененушілерге 3 есе аз тамақ берілгені жөнінде айтылды. Мұндай жағдай Талғар қаласындағы «Аяла», Шелектегі балалар үйінде және Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқор» арнайы мекемесінде анықталды.   


null 

null