05 қар, 2019 сағат 06:36

Тайфундар Жапонияның ауыл шаруашылығына 1,8 млрд доллар залал келтірді

Жуырда болған тайфундар Жапонияның ауыл шаруашылығына 1,8 млрд доллар шығын келтірген. Бұл туралы сейсенбіде Kyodo агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыркүйек және қазан айларында Жапонияға сұрапыл тайфундар - «Факсай» және «Хагибис» зор залал әкелді.

Елдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректеріне қарағанда, шығын көлемі 1,8 млрд доллардан асуы мүмкін. Өйткені апат салдарын жою жұмысы әлі біткен жоқ.

«Хагибис» тайфунынан Жапонияның 47 префектурасының 38-і зардап шекті. 8,5 мың жерде егін суару жүйесі бұзылған. 14 мың гектар егістік алқабына зақым келген.

Бұдан бөлек, балық аулау порттары, жағалаудағы теңіз өнімдерін өңдейтін фабрикалар да шығынға ұшыраған.