2016 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясын ашып берді.
Акцияның мақсаты Елбасы, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін паш ету, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идесының негізінде халықтың бірлігін нығайту болып табылады.
Құттықтау сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова акция қазақстандық бірегейлікті нығайтуды және дамытуды қамтамасыз етіп, жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу ісіне үлес қосады деп атап өтті.
Акцияның ашылу рәсімінде ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары – Владимир Божко, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялық қауым, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 43 күн бойы еліміздің барлық өңірлерінде болып 35 елді мекенде аялдама жасайды және өз жұмысын 14 желтоқсанда Алматы қаласында аяқтайды.
Осы кезең ішінде жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты мәселелері шешіліп, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетіледі, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда кеңестер беріледі.
Акция барлық әлеуметтік топтарды қамтиды, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне, ҰОС ардагерлеріне, шалғай елді мекен тұрғындарына ерекше назар аударылатын болады.
Акцияға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысады.