01 қар, 2016 сағат 09:23

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ел ішіне жол тартты

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы басталды. Нақтылай айтқанда, «Тәуелсіз Қазақстан» атты пойыз ел ішіне сапарға шықты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғын лайықты атап өту – барша қазақстандықтың ортақ мақ­саты. Осынау ұлық мерекені бар мүм­кін­дігінше салтанатты жағдайда қарсы алу қоғамымызға үлкен жауап­кер­шілік жүктейтіндей.

Қазіргі таңда еліміз бойынша Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған түрлі шаралар өткізілуде. Бұлардың барлығы да ел мерейін өсі­ріп, халық бірлігін нығайтуға бағытталған. Міне, осындай шаралардың бірі күні кеше Ас­танадан бастау алды. Ол қашанда ел ынтымағын арттыруға белсене атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынды.

Осы арада бұл республикалық шараның негізгі мақсатын айта ке­тейік. Акция негізінен Елбасы – Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарын халыққа таныс­тыруды, мемлекет дамуының басты қағидаттары аясында қоғамды біріктіруді, жастардың патриоттық сезімдерін көтеруді, жұртшылықты «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегіне жұмылдыруға ықпал етуді, әлеуметтік және мәдени іс-ша­ралар өткізуді, тұрғындарға дәрі­герлік, әлеуметтік, құқықтық қыз­мет көрсетуді, сондай-ақ, ауыл шаруа­шылығы мен кәсіпкерлік салалары бойынша кеңес беруді көздейді.

Республикалық акцияның басталу салтанаты Астанадағы темір жол вокзалында ұйымдастырылды. Оған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әб­діқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Парламент Мә­жілісі Төрағасының орынбасары Вла­димир Божко, депутаттар, қоғам қайраткерлері, ҚХА, этномәдени бірлестіктер мен жас­тар ұйымының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.

Шараның басталар сәтінде сөз алған Гүлшара Әбдіқалықова аталған акцияның мән-маңызын атап өтті.

– Еліміз бойынша Тәуел­сіз­дігіміздің 25 жылдығына арналған 200-ден аса үлкен іс-шаралар ұйым­дастырылмақ. Соның бірі – өздеріңіз бас­талу сәтіне куә болып отырған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясы. Бұл пойыз санаулы минуттардан кейін аймақтарға, елді мекендерге жол тартқалы тұр. Акцияның негізгі мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ұлы істерді, жеңістерді паш ету, ел алдында тұрған ауқымды міндеттерді, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын түсіндіру. Сонымен қатар, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ел тұрғындарына дәрігерлік көмек, әлеуметтік қолдау көрсетпек. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары бойынша әртүрлі кеңестер беру де акция аясында басты назарда болады. Бұлардан бөлек, өнер, әдебиет, қоғам қайраткерлері халықпен кездесулер өткізеді. Мен аталған шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Бүгін біз «Тәуелсіз Қазақстан» пойызына мініп, ел ішіне аттанатын белсенді азаматтарға сәтті сапар тілейік, – деді Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова.

Өз кезегінде Ералы Тоғжанов та «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясына қатысушыларға сәтті сапар тіледі.

– Тәуелсіздік – біздің ең бас­ты құндылығымыз. Қазақстанды әлемге танытқан, мерейімізді тасытқан Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Бүгін көптеген азаматтар ел ішіне аттанғалы тұр. Олар Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде қол жеткізілген табыстарымызды халық арасына насихаттайды, «Мәңгілік Ел» идеясын жұртшылыққа түсіндіреді. Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі халыққа көптеген салалар бойынша көмек көрсетеді. Бұл шараға министрліктер, үш ұлттық компания қолдау білдіруде. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 35 елді мекенге тоқтап, өз қызметін халыққа ұсынады. Ал 14 желтоқсан күні бұл пойыз Алматыға келіп тоқтайды. Яғни, осы күні 43 күнді қамтыған акция аяқталады. Ендеше, акцияға ат салысушы азаматтарға көздеген мақсаттарын абыроймен орындап шығуына, аман-есен оралуларына шын жүректен тілек білдіреміз, – деді Е.Тоғжанов.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әу­бәкіров бүгінгі шараны ұйым­дастырушыларға алғысын жеткізе келіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында қолға алынған ауқымды акция мақсатында үлкен мағына бар екенін сөз етті.

– Құрметті ағайын! Міне, еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Осыған орай үлкен акция ұйымдастырылып отыр. Бүгін біз «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын жауапты да абыройлы сапарға шығарып салғалы тұрмыз. Бұл пойыз еліміздің түкпір-түкпірін аралап, өз міндетін ойдағыдай орындап шығады деп ойлаймын. Халыққа әлеуметтік көмек көрсетіп, тұрғындарға қолдау білдіруді мақсат етіп отырған пойыздың жолға шығуын өзім оңды бастама деп есептеймін. Жалпы, еліміздің жетістігі көп. Олардың барлығы түгел айтылып жүрген жоқ. Міне, осы айтылмай жүрген табыстарымызды жарқыратып көрсетуіміз керек. Бұл өз кезегінде халықтың рухын көтереді, жастардың патриоттық сезімдерін арттырады. Әсіресе, Қазақстанның 25 жыл ішінде халықаралық аренадан лайықты орнын тапқанын айрықша атап көрсетуіміз керек. Сонымен қатар, жастарымызды тәрбиелеп, оларға білім беруде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл да Тәуелсіздіктің жемісі. Осының барлығы бүгін басталғалы отырған акция барысында халыққа түсіндіріледі деп ойлаймын, – деді Халық Қаһарманы.

Бұдан кейін Парламент Мәжі­лісі төрағасының орынбасары Вла­димир Божко, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских сөз сөй­леп, акцияның маңыздылығын, оның мақсаты ізгілікке негізделіп отыр­ғанын атап өтті. Сонымен бірге, акцияның ашылу салтанатында қазақстандық өнер жұлдыздары ән шырқап, жиналған қауымның көңілін одан әрі көтере түсті.

Сонымен, сағат 14:15-те Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына арналған акция аясында «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ жабдықтаған «Тәуелсіз Қазақстан пойызы жолға шықты. Астанадан бастау алған пойыздың алғашқы аялдамасы – Қарағанды. Бұл пойызда Руслан Барбосов бастаған арнайы бригада қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, «Тәуелсіз Қазақ­стан» пойызы» республикалық ак­ция­сы – Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­ды­ғына арналған ірі іс-шаралар­дың бірі. Оған Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының, «Нұр Отан» пар­тиясының мүшелері, Парламент Мәжі­лісінің депутаттары, Мәде­ниет және спорт министрлігі, Ғы­лым және білім министрлігі, Әді­лет министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Денсаулық сақ­тау және әлеуметтік даму министр­лігі, Ақпарат және коммуника­циялар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» рес­публикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері, зиялы қауым, жас­тар ұйымдары және БАҚ өкілдері қаты­суда. Сондай-ақ, шараға «Ата­мекен» ҰКП, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және өзге де ұйымдар атсалысуда.

Тағы бір айта кетер жайт, ҚХА қоғамдық келісім кеңестері мен «Нұр Отан» партиясының қабыл­дау­ларында Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттарының қатысуымен консультативтік қызмет ұсынылады. Бұдан бөлек, акция аясында қайырымдылық шаралары да басты назарда болмақ. Дәлірегі, пойыз бағытындағы қала­лар мен елді мекендер кітапха­наларын кітаптар топтамасымен қамтамасыз ететін «ҚХА Теңдессіз сый», балалар мен жасөспірімдер үйіне арналған «Қайырымдылық керуені» атты шаралар өткізіледі.

Сонымен қатар, акция шең­берінде «Тәуелсіздік тарихы – ұлт рухының өлшемі», «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлттың рухани негізі», «Бейбітшілік пен келісім үлгісі – Қазақстан бренді», «ҚХА – қоғамдық келісімді нығайтудағы бас медиатор» тақырыптарында кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастырылмақ. Бұған қосымша жетекші шығармашылық ұжымдардың, қазақстандық өнер шеберлерінің, өңірдегі дарынды жастардың мерекелік концертін өткізу де акция жоспарында бар.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған министрліктердің өкілдері тара­пы­нан халыққа қажетті кеңестер беріледі. Нақтылай айтқанда, денсау­лық саласы бойынша дәрі­герлік кеңес беріліп, толыққанды меди­циналық тексеру қызметі көрсе­тіледі. Ал әлеуметтік мәселе­лер бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына, азамат­тар­дың еңбек құқығын қорғау, зейнет­ақымен қамтамасыз ету, жәрдемақы төлеу істеріне қатысты кеңестер ұсынылады. Заң саласына қатысты жылжымайтын мүлікті есепке алу, алименттерді төлеу, заңды тұлғаны тіркеу, кәсіподақ қызметі жөнінде және тағы басқа да бағыттарда кеңестер беріледі. Сол сияқты, ауыл шаруашылығы саласына байланысты кеңес беру қызметі де басты назарда болмақ. Дәлірегі, тұрғындар тиісті орган өкілдерінен жер қатынастарына, егін жинау науқанына, кооперацияны дамытуға, жеке қосалқы шаруашылыққа, ет, сүт өнімдерін өндіруге, өсімдіктерді қорғауға, асыл тұқымды мал өсіру және басқа да мәселелерге қатысты мағлұматтар ала алады. Бұған қоса, білім саласы бойынша да кеңес беру ісі жолға қойылады. Яғни, жергілікті тұрғындар жоғары білім беру, техникалық және кәсіби білім берудің басым бағыттары туралы ақпараттар алатын болады.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген

Ерлан ОМАРОВ,