12 там, 2021 сағат 12:47

Тауарлардың ұлттық каталогында қандай мәліметтер бар?


Сауда министрлігінің алқа мәжілісінде «Тауарлардың ұлттық каталогы» жобасын әзірлеу туралы айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған ведомствоның вице-министрі Әсел Жанасованың сөзіне қарағанда, Тауарлардың ұлттық каталогының жобасын әзірлеу «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Жобаның мақсаты - нарыққа қатысушылар үшін тауардың цифрлық паспортын ұсыну. 

«Бүгінде 2021 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларын кодтау бойынша пилоттық жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді, сондай-ақ интерфейс макеті әзірленді».

Вице-министр өз баяндамасында каталогта медиа контент, салмақ-көлем және басқа да тұтыну сипаттамалары бар тауарлардың цифрлық көшірмелері қамтылатынын, ал 2021 жылдың соңына дейін каталогта 30 000 тауар түрі қолжетімді болатынын айтты.