16 ақп, 2026 сағат 13:11

Тасжол бойына қапқа салынған ит табылды


Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде тасжол бойына қапқа салынған иттің табылғаны туралы ақпарат тарады. Жазба авторының мәліметінше, белгісіз адамдар жануарды қапқа салып, аузын байлап, жол жиегіне тастап кеткен, деп хабарлайды Ult.kz Еgovpress telegram анрасына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерінің айтуынша, жолмен келе жатқан жүргізуші көлігін тоқтатып, далаға шыққан сәтте қозғалып жатқан қапты байқап қалған. Қаптың аузын шешкен кезде ішінде тірі ит болғаны анықталған. Жануар босатылған.

Оқиғаның нақты қай өңірде болғаны ресми түрде нақтыланбады. Құзырлы органдардың бұл жағдайға қатысты түсініктемесі жарияланған жоқ.

Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес жануарларға қатыгездік көрсету үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.