ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылордада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Белсенді жастар 1 маусым мереке күні кешке серуенге шыққан қала тұрғындары арасында үгіт-насихат парақшараларын таратып, Аманкелді Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы туралы хабардар етті.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Қазіргі таңда 7 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.