Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.
1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін «География және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы(1989 ж.), ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы (1991 ж.) қызметтерінде әлеуметтік-саяси өмірде өзінің белсенді позициясын көрсетті.
1993 жылдан бастап – ҚР Президентінің көмекшісі;
1995 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
1997 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Білім және мәдениет министрі;
1997 жылдан бастап – ҚР Президентінің Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі;
1988 жылдан бастап – ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі;
1999 жылдан бастап – Атырау облысының әкімі;
2000 жылдың желтоқсан айынан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
2002 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрі;
2003 жылдан бастап – ҚР Мемлекеттік хатшысы;
2004 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі;
2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін – Алматы қаласының әкімі;
2008 жылдың сәуірінен – 2014 жылдың қазан айына дейін – Астана қаласының әкімі;
2014 жылы 22 қазан - ҚР Қорғаныс министрі;
2016 жыл 13 қыркүйек - ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі қызметіне тағайындалды.
Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші.