24 нау, 2019 сағат 16:06

Тасмағамбетов Мәскеуде Наурыз мерекесін тойлады (фото)

23 наурызда Мәскеуде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қашанда Наурыз мерекесі қазақ халқының рухани ұлылығын көрсете отырып, уақыт пен ұрпақтардың толассыз байланысы болған, көктемгі күн мен түннің теңелеуін, табиғаттың жаңаруы мен оянуын білдірген.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұымдастырған қабылдауға еліміздің достары – көрнекті ресейлік саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Мәскеуде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы қатысты.

Кешті құттықтау сөзімен ашқан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Наурыз – жаңа жылдың келгенін білдіретін Шығыстағы ең көне және құрметті мереке екенін еске салды. "Бүгін біз үшін айрықша күні  құттықтауға жақын достарымыз, құрметті қонақтарымыздың келгеніне  өте қуаныштымыз", – деді Елші, барша қауымға денсаулық, бақ-береке мен сәттілік тілей отырып.

Қонақтар заманауи қазақ өнерінің сарқылмас қазынасы мен байлығын көрсететін рухани, мәдени бағдарламаның ұлттық айқын көрінісінен ләззат алды.

"Фараб" би театры аққу мен Томирис патшайымының бейнесін сомдай отыра бидің шеңберінен шығып, нағыз театрландырылған қойылымға ұласты.

"Астана опера" театрының жетекші солисі Салтанат Ахметова мен  Талғат Мұсабаевтардың және де халықаралық конкурстардың лауреаттары Станислав Савва, Дарья Каминская, пианист Александр Страхов, Юлия Савченко, "Алатау" фольклорлық ансамблінің өнер туындылары Ресей астанасының талғампаз жұртшылығын өнерімен тәнті етті.

Сонымен бірге көрермендерге еуропалықтардың бағасын алып үлгерген, қазақстандық дизайнер Ирина Набоконың сән үйінің үлгілері көрсетілді. Бұл жолы ол Мәскеуге ұлттық үлгідегі  бірегей көйлектерді алып келді.

Осы мерекеге келіп, қуанышымызды бөліскен қонақтарымыз алған әсерлерімен де бөлісіп жатты.

"Труд" газетінің бас редакторы, Қазақстанның тумасы Валерий Симонов өз жерлестеріне шын жүректен сәлем жолдады. "Осы көктемгі күні Мәскеуде қазақ мерекесіне келгеніме өте бақыттымын. Бүгін Қазақстан өзінің бар сұлулығын көрсетті. Біз үлкен ұлттық өнердің куәсі болдық", – деді журналист.

Атақты шахматист, әлем чемпионы Анатолий Карпов Қазақстанда жиі болатынын, Астанадағы шахмат клубының ашылуына қатысқанын және Алматыдағы екі шахмат клубының ашылуына көмек көрсеткенін еске салды. Оның айтуынша, соңғы уақытта қазақстандық шахмат мектебінде нағыз дарындар пайда болды. Ол Наурыз мейрамын тұңғыш рет тойлап отырғанын мойындап, барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтады.

Әйгілі әнші, композитор Олег Газманов бүгінгі уақиға достармен кездесу үшін зор себеп болғанын тілге тие кетті. "Бұл көктемгі күн мен түннің теңелуі, сондай-ақ құтты күн, – деді музыкант. – Нағыз достыққа, бір-біріңе айтарың болса, ешқандай уақыт та, арақашықтық та тоқсауыл бола алмайды. Бүгін мен концерттен керемет әсер алдым. Қазақстан таланттарға толы десе болады".

Мереке Мәскеуге қазақ мәдениетінің бөлшегімен бірге көктемгі жылу мен керемет  көңіл-күй сыйлады.