26 қаз, 2023 сағат 18:31

Тасмағамбетов: Еуразиядағы әскери-саяси шиеленіс үдеп жатыр

Фото: Армения Қорғаныс министрлігі

Өткір қақтығыстар көбінесе геосаяси текетірес құралына айналады, деді ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.

Ол бейсенбіде "Еуразиялық қауіпсіздік: өзгермелі әлемдегі шындық пен келешек" атты халықаралық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мамандар бірнеше жылдан бері Еуразиядағы әскери-саяси шиеленістің үдеп жатқанын айтуда. Мұндай стратегиялық тұрақсыздық жағдайында көптеген тыныш жатқан қақтығыстар күрт ушығып, жаңа қақтығыстар пайда болып жатыр", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ бірігу принципін үнемі ұстанады.

"Жағдай барлық жаһандық және аймақтық орталықтардың, соның ішінде әскери-саяси одақтардың назарын арттыруды талап етеді", - деп атап өтті ҰҚШҰ Бас хатшысы.