03 қаз, 2024 сағат 11:57

Тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Фото: Федерация баспасөз қызметі

Халықаралық хоккей федерациясы (ИИХФ) аясындағы турнир 2024 жылғы 6-9 қарашаға жоспарланған. Чемпионат Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтпек. Бұл туралы Ult.kz федерацияға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады.

Соңғы рет Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен. Ол кезде біздің студенттік құрама күміс жүлделерді еншілеген болатын.

Еске салайық, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 2024 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.

Айта кетелік, алдағы турнирлер 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болып саналады.