«Қазақмыс Энерджи» ЖШС өндірістік бөлімінің бастығы Елена Яковлева электр қуаты тарифінің көтерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Бүгінгі таңда электр энергиясы тарифінің рентабельділігі жоқ. Сала мамандары 2009-2015 жылға дейінгі кезең бір ғанибет болатын дейді, себебі ол кездері энергия өндіруші станция өзіндік құн плюс тариф алған. Содан кейін 2015-2018 жылдары тариф «қатып қалды».
Мысалы, құрамына Жезқазған ЖЭО және Балқаш ЖЭО кіретін «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-да тариф 1 кВ/сағат үшін 6 теңгені құрады, бұл ретте оның өзіндік құны 7-ден 9 теңгеге дейін болған. Осылайша, үш жыл қатарынан станциялар ешқандай пайда көрмей, керісінше шығындалған.
2019 жылы жағдай одан да нашарлай түсті, ол кезде тариф 6 теңгеден 4,8 теңгеге дейін төмендетілді. ЖЭК көздері қиындық тудыруда, өндірілетін электр энергиясын 1 кВт/сағатына 34 теңгеден сатып алып, шекті тариф бойынша, яғни 1 кВт/сағатына 4,8 теңгеден сатуға тура келеді, электр энергиясын өндіретін кәсіпорындар қандай шығын шегетінін есептеу үшін ұлы математик болудың қажеті жоқ.
Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері, жанармайдың бағасы өсуде, онсыз сіз электр қуатын ала алмайсыз. Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын барлық шығындар енгізілетін барабар тариф қана, оның үстіне рентабельділік энергия өндіруші ұйымдардың бой түзеуіне мүмкіндік береді" - маман.
Айта кетейік, Энергетика министрлігі электр энергиясына арналған тарифтерді көтеру туралы бұйрығының жобасын жариялады. Құжат наурыздың 26-сына дейін талқылауға шығарып отыр.