25 мау, 2020 сағат 14:00

Танзаниялық қазына іздеуші бір түнде миллионерге айналды

Танзаниялық қазына іздеуші екі үлкен және бағалы танзанит тасын тапқаннан кейін бір түн ішінде миллионерге айналды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Саниниу Лайзер елдің Тау-кен қазу өнеркәсібі министрлігінен жалпы салмағы 15 келі танзаниттерді тапқаны үшін 2,4 млн фунт стерлинг ($3,4 млн) алды. 

«Ертең сауық кеші болады», - дейді Лайзер мырза. 

Ел президенті Джон Магуфулидің өзі Лайзер мырзаға хабарласып, ерекше табысымен құттықтаған. 

52 жастағы Саниниу Лайзердің төрт әйелі, 30-дан аса баласы бар. Ол сауық кешін ұйымдастыру үшін сиыр соятынын айтты.

Лайзер болашаққа жоспарын да бөлісті. Ол Маньярдағы туған жеріне инвестиция құйғысы келеді. 

«Мен сауда орталығы мен мектеп ашқым келеді. Мектеп менің үйімнің жанында болады. Ол жақта балаларын мектепке апаруға жағдайы жетпейтін кедей адамдар көп». 

Оның айтуынша, бұл оқиға оның өмір салтын өзгертпейді, ол ары қарай да өзінің 2000 сиырын баға береді. 

Бағалы тастың ерекшелігі - түсінің әртүрлілігінде. Оның жасыл, қызыл, күлгін және көк түсі болады. Ол өте сирек кездесетіндіктен бағалы және мөлдір, түсі қанық болған сайын оның құны да жоғары болады. 

Лайзер секілді алтын іздеушілер танзанитті іздеуге мемлекеттік лицензия алады. Соған қарамастан елде танзанитті заңсыз жолмен іздеу кең тараған. Әсіресе, ірі компанияларға тиесілі шахта маңында осындай оқиғалар жиі болады. 

2017 жылы президент Магуфули әскерилерге әлемдегі танзанит бар жалғыз мекен саналатын Маньярдағы Мерелани кен орнының айналасына 24 шақырымдық қабырға соғуды тапсырды. 

Бір жылдан кейін үкімет тау-кен өндірісі секторында кірістің артқанын хабарлап, оны қабырға орнатумен байланыстырды.