Танзания президенті Джон Магуфули 61 жасына қараған шағында Дар-эс-Саламның ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды CNN.
«Президент Джон Магуфули 10 жылдан астам уақыт бойы күрескен жүрек ауруынан қайтыс болды», – деді Танзания президентінің міндетін атқарушы Самиа Сулуху Хасан. Ол президенттің жексенбіден бастап Мизена ауруханасында емделгенін айтты. Хасан 14 күндік ұлттық аза тұтуды жариялады
Президенттің қайтыс болғаны туралы белгілі болған кезде оппозиция жетекшісі Зитто Кабве Магуфулидің отбасына көңіл айтты. Ол сондай-ақ Хасанға «ізгі ниетін білдіріп, батылдық пен шыдамдылық» тіледі.
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Магуфулидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан алғашқы әлемдік көшбасшылардың бірі болды.
Пандемия басталған шақта Магуфули Танзаниядағы коронавирустың бар екендігіне күмән келтіріп, аурудан қорғану үшін дұға ету керектігі туралы айтты.
Маусым айында ол елінің коронавирусты «Құдайдың рақымымен» жеңгенін айтты. Сондай-ақ шетелдік Covid-19 вакциналарының қауіпсіздігіне күмән келтірді және емдеу үшін емдік шөптер мен ингаляцияларды қолдануды ұсынып, елде ешқандай вакцина жасауды жоспарламады.
Танзания 2020 жылдың сәуірінен бастап Covid-19 жағдайлары туралы мәлімет берген жоқ. Тек Өткен айда АҚШ-тың Дар-эс-Саламдағы елшілігі қаңтар айынан бастап Covid-19 оқиғаларының саны артып келе жатқанын ескерткен болатын.