«Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам қазақстандық қатысуға өтініш берді. Солардың бірі - танымал актер Мейіржан Төребаев, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алғашқы қадам жасай отырып, праймеризге тіркелдім. Алдағы уақытта елімізді әлеуметтік жағынан ғана емес, мәдени жағынан да дамытуға өз үлесімді қосқым келеді. Баршаңызға сәттілік пен жетістіктер тілей отырып, партияішілік сайлау жақсы өтіп, ойлаған армандарыңызға жете беріңіздер дегім келеді», - деп атап өтті Мейіржан Төребаев өзінің Instagram-дағы парақшасында.