Фото: Qaz365.kz
Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Қазақстанда депозиттерден түсетін табысқа салық енгізу қажет деп есептейді. Бұл туралы ол TalkLike подкастында айтты.
Оның айтуынша, бизнес өз табысының 20 пайызын салыққа төлесе, ал депозиттерден мүлде салық алынбауы әділетсіздік.
Кәсіпкер дамыған елдердің тәжірибесін мысалға келтірді, онда депозиттерге салық салынады.
"Халықтың депозит көлемі Ұлттық қордан аспауы тиіс, бірақ бізде бұл көрсеткіш шектен шыққан. Қазіргі уақытта Қазақстандағы депозиттердің жалпы көлемі 36 триллион теңгеге жетіп отыр. Орташа пайыздық мөлшерлеме 13–17 пайыз болғандықтан, халық жылына шамамен 5–6 триллион теңге таза табыс табады. Егер осы соманың 20 пайызы салық ретінде алынса, мемлекет бюджетіне жылына 1,5–2 триллион теңге қосымша қаржы түсер еді", - дейді кәсіпкер.
Сырымбек Таудың пікірінше, депозиттерден түсетін табыстың экономикаға әсерін қайта қарау қажет.