Ұлыбритания мен Ирландиядағы «BT Sport» спорттық арналар тобы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34КО) мансабындағы ең маңызды ТОП-5 нокаутын көрсетті. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» тобы ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Танымал ресурстың пікірі бойынша, Головкин Доминик Уэйд (2016), Гжегожа Прокса (2012), Мэттью Маклин (2013), Нобухиро Исида (2013) және Марко Антонио Рубиомен (2014) айқастарында қарсыластарын нокаутқа түсіріп, жұртты таңғалдырған.
Еске салайық, отандық чемпион өзінің алдағы жекпе-жегіне қызу дайындық үстінде. 15 қыркүйекте Головкин T-Mobile Arena-да мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске қарсы екінші айқасын өткізеді.