02 қар, 2020 сағат 10:13

Танымал әншілер ел азаматтарын сақ болуға шақырды

Еліміздің бірқатар өңірінде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздануына байланысты санитарлық бекеттер қойылып, шектеу шаралары күшейтілуде. Осыған орай танымал қазақстандық эстрада әншілері мен жұлдыздары ел азаматтарын карантин шараларын сақтауға әрі жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".


 

"Құрметті ағайын, 2020 жыл адамзат үшін қиындыққа, сынаққа толы жыл болды. COVID-19 індетінің әрі қарай тарамауы, оның тоқтауы өз қолымызда! Сондықтан халық көп жиналған жерлерден аулақ болып, бетперде тағып жүруді ұмытпаңыздар! Қиындықты бірге жеңеміз!", - дейді жезтаңдай әнші Жұбаныш Жексенұлы.


Осы орайда, танымал өнер иесі Бейбіт Көшқалиев те биылғы жиылдың қиын болғанын тілге тиек етіп, сақ болуға шақырды.

"Құрметті ағайын, 2020 жыл баршамызға сынақты жыл болды. COVID-19 вирусынан аман-сау болуларыңыз үшін адамдар көп жүретін жерлерде өздеріңізді абай, сақ ұстаңыздар және маска киюді ұмытпаңыздар!", - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Игорь Благодарный да ел азаматтарын отбасы жайында ойлауға, бөгде адамдармен қарым-қатынасты барынша шектеуге үндеді.

"Құрметті қазақстандықтар, құрметті достар, бетперде тағуды ұмытпаңыз! Бетперде тағу - өзіңізді және отбасыңызды құтқарудың ең қарапайым тәсілі. Сіздерге, жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Аман-сау болыңыздар! 

Дорогие казахстанцы, дорогие друзья, не забывайте одевать маску! Ведь от этого зависить здоровья ваших родных и близких! Берегите себя и будьте здоровы! Счастья вам и процветания!", - деді ол.